Қазақстан қалаларында пәтер бағасы қандай

367

0

Фото: Александр Павский/ҚазАқпарат

Пәтер алуды немесе жылжымайтын мүлікке инвестиция салуды жоспарлағандар тұрғын үй нарығындағы бағаны үнемі зерделейтіні анық. Осы орайда ҚазАқпарат тілшісі жаңа және екінші нарықтағы пәтерлердің құнын анықтап көрді. 

Бүгінде Қазақстан бойынша жаңа пәтерлердің 1 шаршы метріне арналған орташа құны — 486 364 теңге.

Ал қалалар ішінде Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау және Семейде үй қымбат тұрады.

Ең арзан пәтерлер — Жезқазғанда. Өйткені, онда тұрғын үйлер тек мемлекеттік бағдарлама аясында салынып жатыр.

Сонымен бірге Ақтөбе, Көкшетау, Орал мен Қызылорда шаһарларында баспана құны салыстырмалы түрде арзан. 

Фото: ҚазАқпарат

Ал екінші нарықтағы пәтерлердің бағасы жаңа үйдің құнынан әлдеқайда қымбат. Бұл тізімде тағы да Астана, Алматы, Шымкент қалалары көш бастап тұр.

Сондай-ақ, Қонаев, Талдықорған және Семей шаһарларынан пәтер сатып алуға ниеттілердің қалтасы қалың болғаны абзал.

Себебі аталған қалаларда әр шаршы метрдің орташа құны — 400-460 мың теңге аралығында.

Ал Тараз, Түркістан мен Көкшетауда екінші нарықтағы үйлердің бағасы өзге өңірлермен салыстырғанда біршама арзан. Онда 1 шаршы метрге арналған орташа баға 290 мың теңгенің маңайында. 

Фото: ҚазАқпарат

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сай, жалпы нарықта жаңа пәтерлердің бағасында төмендеу немесе қымбаттау байқалған жоқ.

Дегенмен екінші нарықтағы баспана құны 1,8 пайызға арзандаған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<