Құрылтай

“Қазақстан темір жолының” жаңа басшысы тағайындалды

35

0

Фото: Самұрық-Қазына

“Қазақстан темір жолы” басшысы болып Елжас Отыншиев тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Елжас Отыншиев1982 жылы Қостанайда дүниеге келген. Мәскеу физика-техникалық институтының «Жалпы және қолданбалы физика» мамандығы бойынша бакалавриат және магистратура бағдарламаларын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2007 жылы Ernst & Young компаниясының Мәскеу қаласындағы кеңсесінде бизнесті бағалау және мәмілелерді сүйемелдеу департаментінің консультанты ретінде бастаған.

  • 2009–2019 жылдары «Самұрық-Қазына» мен оның еншілес компанияларында жұмыс істеді.
  • 2021–2023 жылдары KIDF ұйымында басшылық қызметтер атқарып, инвестициялық портфельді басқару бағытына жетекшілік етті.
  • 2023 жылы сәуірден бастап осы уақытқа дейін «Самұрық-Қазына»Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды. Бұл лауазымда қордың мұнай-газ, теміржол, тау-кен және басқа да салалардағы портфельдік компанияларын басқаруға жауапты болды.
  • 2024 жылғы ақпаннан бастап «Қазақстан темір жолы» ҰК» Директорлар кеңесінің мүшесі.

2023 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.