Қоқыс тастағандар айыппұл арқалайды

162

0

Фото: ашық дереккөз

Бүгінде аудан көлемінде жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстары аясында аудан орталығы – Әйтеке би кентінің шет аймақтарындағы «Мектепбай» каналы, Водакачкаға барар жол, Тесік көпір, қазақ және орыс қорымдарының аумақтарында тазалық жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді.

Алайда тазалыққа немқұрайлы қарайтын кейбір тұрғындар тарапынан аталмыш орындарға қоқыс тастау тиылмай отыр.

Осыған орай бүгін аудандық полиция бөлімі мен аудандық қоғамдық даму бөлімі бірлесе отырып, аталмыш орындарда рейд жұмыстарын жүргізді.

Қазіргі таңда бұл аймақтарға арнайы бейнебақылау камералары орнатылып, учаскелік полиция инспекторлары бекітілді. Мұнан бөлек күнделікті рейд жұмыстарыда тұрақты жүргізілуде.

Айта кетейік, аудан аумағындағы белгіленбеген орындарға қоқыс төккен тұрғындарға заңға сәйкес шара көріліп, айыппұл салынатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<