Қызылорда облысындағы білім беру орталығында болған өрттен 60 адам эвакуацияланды

293

0

Фото: Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті

Қызылорда облысы Арал ауданындағы олимпиада білім беру орталығы өртеніп, тілсіз жаудан 60 адам эвакуацияланды.

13 сәуірде сағат 04.27-де Арал ауданына қарасты Қамыстыбас елді мекеніндегі «Қамбаш олимпиада білім беру орталығы» моншасында өрт шыққан. Онда ішкі ағаш қаптамалары жанған.

«Орталықта болған 60 адам өз күшімен эвакуацияланды. Өрт сағат 05.40-де толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Оқиға орнында облыстық төтенше жағдайлар департаменті және департаменттің жедел-құтқару жасағынан 12 қызметкер мен 3 техника жұмыс істеді», – деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<