Қызылорда қаласында жабық пәтерде құлап жатқан қарт әйел құтқарылды

304

0

Фото: Қызылорда облыстық ТЖД

Қызылорда қаласында сыртқы есігі құлыптаулы пәтер ішінде құлап қалған 66 жастағы қарт әйел құтқарылды.

Оқиға кеше Қызылорда қаласындағы Әйтеке би көшесіндегі тұрғын үйде болған. Сағат 09.38-де бұл бойынша пәтердің сыртқы есігін 66 жастағы қарияның бірнеше сағаттан бері ашпай жатқаны жөнінде шақырту түскен.

«Оқиға орнына Жедел құтқару жасағынан 5 құтқарушы техникасымен барды. Онда құтқарушылар туыстарының қатысуымен слесарлық құралдарды пайдаланып, пәтердің сыртқы есігін ашып берді. Пәтер ішіндегі жуыну бөлмесінде 1958 жылы туған қарт кісі құлап жатқаны анықталды. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері шақырылды. Қарт әйел жедел жәрдем мамандарына тапсырылды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<