Қызылордада 3 жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті

599

0

Фото: pixabay.com

Қызылорда қаласында ересек адамдардың қарауынсыз қалған 3 жастағы ұл бала төртінші қабаттан құлап кетті. Оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

Оқиға облыс орталығындағы «Арай-3» шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатынан 2021 жылғы ұл бала құлап кеткен.

«Сәби алған жарақатына байланысты ауруханаға жатызылды. Балаларды қараусыз қалдырмауды сұраймыз. Оның соңы қайғылы жағдайға душар етуі ықтимал», – деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Ведомство мәліметінше, бұл – жыл басынан бері қайталанып отырған екінші жағдай. Былтыр дәл осындай 14 оқиға тіркелді. Оның 1-і Жаңақорған ауданында болса, қалғаны облыс орталығында тіркелген.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада ҚАЖД бастығы суға батқан баланы құтқарып қалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<