205 адам емделіп шықты

919

0

Облыс бойынша вирус жұқтырғандар саны 246-ны құрап отыр. Олардың барлығы барлығы бақылауға алынған. Ал 205 адам емделіп шықты.

«Коронавирус инфекциясымен 1 науқас облыстық көпбейінді аурухананың фильтр кабинетінде анықталды. Облыс бойынша қазіргі таңда індет жұқтырғандардың 50-і медицина қызметкері. Жалпы соңғы тәулікте 12 науқас емделіп шығып, есеп 200-ден асты. Оның ішінде 34-і медицина саласының қызметкері», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов.

Коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен байланыста болған – 3 343 азамат, оның тікелей қарым-қатынаста болғаны –1 869, жанама қарым-қатынаста болғаны – 1 474 азамат. Облыс бойынша барлығы 560 сынама алынды. Нәтижесінде 559-ы теріс мәнді, 1-уі оң мәнді. Айта кетерлігі, Қызылордада бүгіннен бастап базарлар ашылады.

Әділжан ҮМБЕТ.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<