Қызылорда қаласында көп қабатты үй пәтерлерінің бірінде басы балконның теміріне қысылып қалғаны жөнінде шақырту түсті. Құтқарушылар жедел жетіп, арнайы слесорлық құралдармен 5 жасар қыздың басын шығарып алды.
Қазіргі уақытта құтқарылған қыздың жағдайы жақсы, медициналық көмекті қажет етпейді.
ТЖМ балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.
Қызылорда облысы ТЖД «Жедел құтқару жасағы» РММ
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<