«Құрметті азаматтар» аллеясы және «Еңбек даңқы» музей жұмыстарымен танысты

685

0

Сырдария ауданының 90 жылдық торқалы тойына алыс-жақын қалалар мен шетелдерден көптеген азаматтар келді. Мерейтой қонақтары «Парасат» алаңының ашылу салтанатынан кейін аудан орталығындағы «Тағзым» алаңында орналасқан «Құрметті азаматтар» аллеясы және «Еңбек Даңқы» музейінің жұмысымен танысты.  
Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындаған мақсат-міндеттер аясында ашылған Құрметті азаматтар» аллеясына «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» атағын иеленген 99 азаматтың есімі жазылған.
Ал, «Еңбек Даңқы» музейі негізгі үш бөлімнен тұрады. Музейде аудан тарихынан сыр шертетін құнды мәліметтер сақтаулы. Сонымен бірге, музей әрбір ауылдан шыққан атақты тұлғалар мен ауданның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістігінен хабардар етеді.
Мерейтой қонақтары «Құрметті азаматтар» аллеясы және «Еңбек Даңқы» музейінің жұмысына жоғары баға беріп, естелік суреттерге түсті.
Ақтөре Ибрагимұлы,
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<