РУХАНИ ҚАЖЕТТІЛІК БАРЛЫҒЫНАН ЖОҒАРЫ

1081

0

Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бүгінгі уақыт тынысымен алғанда философиялық ой-толғамдармен сабақтасып жатқанын атап өткім келеді. Себебі Президенттің өзі айтқандай, шын мәнінде уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан жерде ұлт тарихы басталады.
Иә, тәуелсіздік жылдары елімізде көп жұмыс атқарылды. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарды табысты деуге болады. Алайда, Президенттің атап өткеніндей, бабаларымыздың өмірі мен олардың ғажап өркениеті жөнінде көптеген деректер әлі ғылыми айналымға түскен жоқ. Бұл әлбетте, ғалымдарды жаңа ізденістерге итермелейді.  
Шындығында, әлемнің әр түкпіріне тараған түркі тектес тайпалар мен халықтар басқа елдер мен өңірлердің тарих үдерістеріне елеулі үлес қосты. Осыған байланысты Президент «Түркі өркениеттері: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жобаны қолға алу қажеттігін айтады. Осы жоба аясында 2019 жылы Астанада түркологтардың дүниежүзілік конгресін және әртүрлі елдер музейлерінің экспозицияларына ежелгі түркі жәдігерлері қойылатын түркі халықтарының мәдени күндерін ұйымдастыру керектігін атап көрсетеді.
Қазақстан бүгінде күрделі әлемнің қиын соқпақтарымен жүріп келеді. Біраз сыннан мүдірмей өттік. Бұған уақыт төреші. Әлемдік көптеген сынақтар алдағы уақытта да алдымыздан шығатынына күмән келтіруге болмайды. Бірақ барлық елдер мен халық қандай қиын кезең болмасын өзінің рухани қажеттілігін екінші қатарға ысырып тастамаған. Бұған тарих дәлел бола алады. Осы тұрғыдан келгенде Елбасының мақаласы Қазақстанның жаңа даму кезеңінде біздің барлығымызға жаңа міндеттер жүктейді.
Баймырза ҚОЖАМБЕРЛИЕВ,
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қызылорда облысы
бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін
арттыру институты, МКДППҚЕ кафедрасының меңгерушісі,
философия ғылымдарының докторы.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<