Салмағынан арылу үшін жеті жыл бойы дәрі ішкен қыз екі есе толығып кетті

293

0

Қытай тұрғыны арықтау үшін 200 мың юань қаражатын жұмсады. Сяоли есімді қыз жеті жыл бойына салмақ түсіретін арнайы дәрілерді қабылдап келген деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бойжеткен арықтаудың дәрісін 18 жасынан бастап ішіп келген. Оның препаратты қабылдамас бұрынғы салмақ мөлшері 45 келіні құрады. Бастапқыда расымен тасталынған салмақ, дәріні ішуді тоқтатқаннан кейін екі есе қайтып келе берді.

Нәтижесінде, басқа дәрі-дәрмектерді қабылдаған Сяоли тағы да ұқсас жағдайға тап болған. Жеті жыл бойы дәрі ішіп, оны қабылдауды тоқтатқан қыз ақыр соңы 45 келіден 90 келі болып шыға келді.

Түрлі диеталар мен дәрі-дәрмектерден әбден қажыған әйел биыл асқазанын кішірейту операциясын жасады. Дәрігерлердің айтуынша, оның семіруінің басты себебі де сол зиянды препараттар болған.

Енді Сяоли дұрыс тамақтану тәртібіне көшпек.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<