Шағын футболдан дәстүрлі «Alash» турнирі өтеді

245

0

 28-29 шілде аралығында Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Жезбұйда» жастар орталығының ұйымдастыруымен Алматы қаласында Астананың 20 жылдығы мен атақты қолбасшы, сардар Қожаберген батыр Жәнібекұлының 320 жылдығына арналған дәстүрлі «Alash» футбол турнирі өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.


Аталған шара Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастарды отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Турнерді ұйымдаструшы, идея авторы Талапбек Тынысбекұлының айтуынша биыл бесінші рет ұйымдастырылып отырған сайыстың жүлде қоры 2 милион теңгені құрайды.

«Бес жыл қатарынан ұйымдатрылып келе жатқан дүбірлі додаға еліміздің барлық обылыстарындағы Ресей, Қытай, Монғолия, Иран, Өзбекстан қатарлы алыс-жақын шетелдерден келген қандастарымыздан құралған 24 команда қатысады. Бұл шара өз кезегінде шетелдегі қазақ жастарын отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеуге, оларды Атамекенге шақыруға, олардың бір бірімен тығыз араласып, ортаға тез бейімделуіне жол ашады» – дейді ДҚҚ-ның Жастар орталығының жетекшісі Талапбек Тынысбекұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<