Шекара арқылы қару-жарақ, оқ-дәрі алып өтпек болған үш азамат ұсталды

304

0

Шекара арқылы қару-жарақ, оқ-дәрі алып өтпек болған үш азамат ұсталды Мемлекеттік шекара арқылы қару-жарақ, оқ-дәрі алып өтпек болған Ресей азаматы ұсталды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне сілтеме жасап.
«Петропавл» шекара отрядының «Қарақоға-авто» бөлімшесінде бүгін түнде, сағат 2-лер шамасында Ресейден біздің елге қарай келе жатқан 34 жастағы РФ азаматы ұсталды. Шекарашылар оның жекеменшік «Ниссан Патрол» автокөлігін тексерген кезде жүксалғыштан әртүрлі аңшы мылтығына және травматикалық қаруға арналған оқ-дәрілерді тауып алды. Жан-жақты тексеру нәтижесінде автокөлік кабинасында, орындықтың астына жасырылған «ТТ Лидер» маркалы травматикалық тапанша да табылды. Ұсталған азамат айғақ заттарымен бірге Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша полиция бөліміне тапсырылды», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Қостанай шекара отрядының «Қайрақ-авто» бөлімшесінде біздің елге келе жатқан Ресей азаматынан, Семейдің «Үбе-авто» бөлімшесінде Ресейге шығып бара жатқан қазақстандықтан да аңшы мылтықтарының оқ-дәрілері табылған. Олар Қарабалық және Шемонайха аудандық полиция бөлімдеріне тапсырылды. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<