«Алтын сапа» байқауына қызылордалық 4 компания қатысып жатыр

356

0

ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы жыл сайын өтеді. Байқаудың басты мақсаты – отандық өнімнің сапасын арттыру. Осы тұрғыда  компанияларға қойылатын басты критерийлер де белгіленген –   ұйымның өнім немесе қызмет сапасы саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізуі, өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі, сондай-ақ ұйымның сапаны басқаруда жоғары тиімді әдістерді енгізуі бағаланады.

Биыл байқауға қатысу үшін 281 компания өтінім берді. Оның төртеуі Қызылорда облысының кәсіпорны.

Олар:

– «Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша күріш өндірісімен айналысатын «Асыл дән LTD» ЖШС;

– «Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк кәсiпорын» номинациясы бойынша цемент өндіретін «Компания Гежуба Шиели Цемент» ЖШС мен поливинилхлоридтен және төмен қысымды полиэтиленнен жасалған құбыр өнімдерін өндіретін «Казахстанская  Нефтехимическая Компания Кемикал» ЖШС-нің Қызылорда филиалы;

– «Қызметтер көрсететiн үздiк кәсiпорын» номинациясы бойынша мұнай кәсібіне арналған жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жеткізу, сервистік қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызметтер көрсету «Новомет-Казахстан» ЖШС.

Жалпы «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқауда сыйлық жыл сайын үш номинацияда үш санатта тағайындалады:

– «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын»;

– «Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын»;

– «Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын»;

– «Қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпорын».

Әр номинация бойынша келесі cанаттар бойынша үш жүлде беріледі:

– Шағын кәсіпкерлік субъектісі;

– Орта кәсіпкерлік субъектісі;

– Ірі кәсіпкерлік субъектісі.

Байқауда сонымен қатар мынадай арнайы сылықтар бар:

– «Үздік индустриялық жоба»;

– «Үздік инновациялық жоба».

Байқау төрт кезеңнен тұрады. Қазіргі кезде сарапшылық комиссия материалдарды алдын ала бағалауды жүргізіп жатыр. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 9 қазандағы №194 Жарлығына сәйкес барлық ақпарат байқаудың аяқталуына дейін құпия саналады және жарияланбайды.

«Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқауға Қазақстан аумағында тауар өндірумен (қару-жарақ және әскери техника өндірумен айналысатындардан басқа), қызмет көрсетумен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады. Толық ақпаратпен www.altynsapa.kz сайтынан танысуға болады

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<