Қызылорда облыстық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына өткен сайлау қорытындысы туралы хабарлама

268

0

Фото: ашық дереккөз

2024 жылғы 31 наурызда №15 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қызылорда облыстық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.

Сайлаушылар тізіміне 30826 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 18397 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша – 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 18 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 3.

№15 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қызылорда облыстық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Батыржан Көмекбайұлы Қаракөзовке сайлаушылардың 3459 дауысы берілді,

Гүлшат Исақызы Мұсаеваға сайлаушылардың 12367 дауысы берілді,

Асхат Қасымұлы Шаукенбаевке сайлаушылардың 1970 дауысы берілді,

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 566.

Сайлау қорытындысымен №15 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты болып Мұсаева Гүлшат Исақызы сайланды, 1967 жылы туған. «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының атқарушы хатшысы, Қызылорда қаласында тұрады.

Қызылорда облысының аумақтық

сайлау комиссиясы

Сілтемелер:

1. Арал ауданы
https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral/activities/40761?lang=kk&parentId=40679 

2. Жаңақорған ауданы

https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/activities/40158?lang=kk&parentId=40136

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<