Студенттердің сұрақтарына жауап берді

316

0

Қызылорда облысына арнайы іссапармен келген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова Қызылорда медициналық жоғары колледжіндегі Студенттерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты.
Орталықтың негізгі мақсаты – жастарды электрондық қызмет алуға үйрету және электрондық үкімет порталымен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру. Орталықта 20-дан аса мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Атап айтқанда, жатақханаға орналасу, мекен-жай анықтамасын алу, академиялық демалысқа шығу және т.б. Осылайша, Студенттерге қызмет көрсету орталығы студенттердің уақытын үнемдеуге және білімнен қол үзбей мемлекеттік қызметтерді алуына мүмкіндік беріп отыр.
Естеріңізге салсақ, осындай орталықтар өңіріміздің барлық жоғары және ортадан кейінгі білім беру ұйымдарында ашылған болатын.
Бұдан соң, Қызылорда медициналық жоғары колледжінің студенттерімен кездесу болып өтті. Кездесудің мақсаты – жастардың рухани және мәдени дамуына серпін беру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Кездесу барысында сөз сөйлеген Агенттік төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова жастар үшін елімізде қолға алынып жатқан шаралар турасында сөз қозғап, үздік білім алу, өз болашағын дұрыс жоспарлау қажеттігін айтты. Жиын соңында студенттер өздерін қызықтыратын бірнеше сұрақтар қойып, оларға тиісті жауаптар алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<