Су тасқыны басталғалы 19 мыңға жуық тұрғын қауіпсіз аймаққа көшірілді

328

0

Сурет: pixabay

Су тасқыны басталғалы ел бойынша 19 мыңға жуық тұрғын қауіпсіз аймаққа көшіріліп, кейбірі эвакуациялық орталықтарға орналастырылды.

Қазір өңірлерде тасқын қаупі сейіліп келеді.

Дегенмен, сақтық шаралары тоқтатылған жоқ. Аймақтарда ахуал әуеден бақыланып, дрон көмегімен өзендер мен су қоймаларының жағдайы ұдайы тексеріліп жатыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Айталық, Ақмола облысындағы Нұра, Шортанды, Колутон өзенінде, Абай облысындағы Уба өзенінде, Қарағанды облысындағы Сабырқожа өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізілді.

Бұл ауыл-аймақты қызыл судан сақтап, қауіптің алдын алуға септігін тигізеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<