Сыбайлас жемқорлықпен күрес тек құқық қорғау органдарының немесе мемлекеттік мекемелердің ғана міндеті емес. Қоғамда адалдық пен әділдік құндылықтарын орнықтыру арқылы ғана жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға болады. Бұл бағыттағы жұмыстар Қызылорда өңірінде де жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Сыбайлас жемқорлық – мемлекет дамуына кері әсер ететін әлеуметтік кеселдердің бірі. Ол қоғамдық сенімге селкеу түсіріп, азаматтардың заңға деген құрметін әлсіретеді. Сондықтан бүгінгі таңда елімізде жемқорлықтың салдарымен күресумен қатар, оның алдын алу шараларына басымдық беріліп отыр.
Мамандардың пікірінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру ең алдымен азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырудан басталады. Заң талаптарын білу, мемлекеттік қызметтердің ашықтығына мән беру және қоғамдағы әділдік қағидаттарын қолдау жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары мемлекеттік қызметтердің цифрландырылуы тұрғындар мен мемлекеттік органдар Бұл бағыттағы мемлекеттік саясат өңірде нақты іс-шаралар арқылы жүзеге асырылып келеді. Биыл сәуір айында өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысында мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау, мемлекеттік сатып алу саласындағы ашықтықты қамтамасыз ету және жауапкершілікті күшейту мәселелері қаралды.
Осы бағытта Қызылорда өңірінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамда адалдық қағидаттарын нығайту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Биыл сәуір айында өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысында мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау, мемлекеттік сатып алу саласындағы ашықтықты қамтамасыз ету және жауапкершілікті күшейту мәселелері қаралды. Отырыста мемлекеттік сатып алулардағы тәуекелдерді азайту, ішкі бақылауды күшейту және заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттер қойылды. Бұл бастамалар өңірде ашықтық пен есептілік қағидаттарын нығайтуға бағытталған жұмыстардың жүйелі жалғасы саналады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жұмыстар мемлекеттік қызмет жүйесінде де тұрақты түрде жүргізілуде. Мәселен, жуырда департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Ж.Қозбағарова мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған мамандармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, заңнама талаптарын сақтау және қызметтік әдеп нормаларын ұстану мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар кадрлық үдерістердің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету, мүдделер қақтығысының алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің адалдық пен парасаттылық қағидаттарына негізделген қызмет мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы С.Жумаев Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметкерлерімен кездесіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және олардың алдын алу жолдарын түсіндірді. Іс-шарада құқықтық сауаттылықты арттыру, кәсіби этика талаптарын нығайту және мемлекеттік қызмет жүйесіндегі адалдық қағидаттарын сақтау мәселелері талқыланды.
Мұндай кездесулердің маңызы зор. Өйткені сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет тек заң талаптарын орындаумен шектелмейді. Ол – әрбір азаматтың ішкі ұстанымы, қоғамдық жауапкершілігі және әділдікке деген көзқарасы. Мемлекеттік қызметшілер үшін бұл талаптардың маңызы тіпті жоғары. Себебі халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімі ең алдымен олардың кәсіби қызметіне байланысты қалыптасады.
Қазіргі таңда қоғамда адалдық құндылықтарын нығайтуға бағытталған жұмыстардың нәтижесі байқала бастады. Мемлекеттік қызметтердің цифрландырылуы, ашықтықтың артуы және қоғамдық бақылаудың күшеюі жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге ықпал етуде. Дегенмен бұл бағыттағы жұмыстар үздіксіз жалғасуы тиіс.
Сарапшылар жемқорлыққа қарсы мәдениет отбасы тәрбиесінен басталатынын айтады. Ата-ананың адалдыққа негізделген тәрбиесі, білім беру ұйымдарындағы құқықтық түсіндіру жұмыстары және қоғамдағы әділдік қағидаттарының нығаюы болашақта жемқорлыққа төзбейтін ұрпақ қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Әділетті қоғам құру – баршаға ортақ міндет. Әр азамат заң талаптарын сақтап, адал еңбек етіп, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінген жағдайда ғана сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құру мақсатына қол жеткізуге болады. Өйткені жемқорлыққа қарсы мәдениет заңнан бұрын санада қалыптасады. Сондықтан адалдық пен парасаттылық қағидаттарын өмір салтына айналдыру – қоғамның тұрақты дамуының басты кепілі.
Шынар Алтынбекқызы






