Сыр өңірінің археологиялық мұрасын зерттеу, сақтау мен қорғаудың өзекті мәселелері талқыланды

550

0

Фото: Облыстық мәдениет басқармасы

18 сәуір – халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні. Бұл мереке 1984 жылдан бастап атап өтілуде. Бүгінде облыс бойынша 567 тарихи-мәдени ескерткіш мемлекеттік тізімге алынған. Атаулы күнге орай, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Сыр өңірінің археологиялық мұрасын зерттеу, сақтау мен қорғаудың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті.

Басқосуда өңіріміздегі археологиялық ескерткіштердің зерттелуі, жай күйі мен өзекті мәселелері және қолданыстағы заңдылықтар талқыланды.

Шараға басқарма басшысының орынбасары Қ.Жанұзақов, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі облыстық комиссия мүшелері, салаға қатысты жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, тарихшы археологтармен қоса, Әлкей Марғұлан атындағы Археология институты мен Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің өкілдері де арнайы қатысты.

Өңірдің тарихи-мәдени мұраларын сақтау және пайдалану бағытындағы жұмыстар, ескерткіштің қорғау аймағын анықтауда жаһандық навигациялық спутниктік жүйелерін қолданудың маңызы, сауысқандық петроглифтерін қалпына келтіру және туристік әлеуетін дамыту, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы мәселелер де назардан тыс қалмады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<