Сырдария ауданында жаппай сенбілік өтті

186

0

Фото: Сырдария ауданы

«Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, қоршаған ортаның, туған өлкеміздің тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың, әр тұрғынның басты міндеті. Осыған байланысты елімізде «Таза Қазақстан», аймағымызда «Таза Қазақстан – таза аймақ» экологиялық акциясы өткізілуде.

Кеше акция аясында аудан орталығында және елді мекендерде санитарлық тазарту және көркейту жұмыстары бойынша сенбілік өтті. Сенбілікті аудан әкімі Берік Сәрменбаев аралап, тұрғындарды туған жерді көркейту-көгалдандыру жұмыстарына белсенді атсалысуға шақырды.

Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан қызу тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде, саябақтарда тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді.

Сенбілік барысында сырдариялықтар ағаштар егу, әктеу, көшелерді күл-қоқыстан арылту, қураған талдарды кесу, аяқ су жолдарын тазарту арқылы туған жерді түлетуге өз үлестерін қосты.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<