Сырдариялық жастар жат әдеттерге қарсы

270

0

Сырдария ауданына қарасты Асқар Тоқмағамбетов ауылдық округінде «Есірткі – адамның қасы, аурудың басы» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасы аясында ұйымдастырылған іс-шараға ауыл мектебінің ұстаздары мен жоғары сынып оқушылары қатысты.
Шара барысында есірткі заттарын пайдаланудың, ішімдік ішу мен темекі тартудың, нашақорлықтың тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік берілді.
Сонымен қатар, жат әдеттердің зияны жөнінде көріністер көрсетілді. Оқушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы өз ойларын өлең арқылы жеткізіп, таза, әділ қоғам мүшелері екенін атап өтті.
Айта кету керек, ауданға қарасты барлық мектептерде осы тектес іс-шаралар апта сайын тұрақты түрде ұйымдастырылуда.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<