
Үстіміздегі жылдың 10 сәуір күні Бекарыстан би ауылдық мәдениет Үйінде КСРО және Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазалы ауданының Құрметті азаматы, бірнеше медальдардың иегері Әлмәмбет Әлішевтың 80 жасқа толған мерейтойы аясында «Сөз өнерінің шебері» атты рухани танымдық шарасы ұйымдастырылды. Шара аясында округ әкімі Ғ.Зинадинов, ардагерлер к
еңесінің төрағасы Б.Садуов, батыр Үрмәштің ұрпағы С.Қалманов жылы лебіздерін білдірді. Бұдан әрі жазушы-публицист Ә.Әлішевтің шығармашылығына арналған ой-толғамдары көркемөнерпаздар үйірмесі мүшелерінің орындауында оқылса, Батыр Үрмәш туралы драмалық көріністер халыққа ұсынылды.

Әлмәмбет Әлішев – жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеуге айрықша мән берген жазушы.
«Кім халқына көбірек пайдасын тигізсе адамның жақсысы сол», – делінген екен Мұхаммед Пайғамбарымыздың хадисінде. Ендеше елдің руханиятына, өнеріне шығармашылығы арқылы зор үлес қосқан, келешек ұрпақ үшін мол мұра қалдыра білген Әлмәмбет Әлішевтың 80 жасқа толған мерейтойы құтты болсын!
Бауыржан Тәңірбергенұлы