Таразда «Ауыл-Береке» базары өртенді (бейне)

290

0

Тараздағы «Ауыл-Береке» базарында өрт шықты, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі. От шалған аумақ 700 шаршы метрді құрайды.Тоғыз дүңгіршек өртенген.
Оны сөндіруге жеке құрманың 49 маманы жұмылдырылып, 10 арнайы техника бірлігі жұмыс істеді. Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінші кісі шығыны жоқ. Дабыл таңғы тоғыздан 13 минут кеткенде қағылған. Отыз жеті минуттан кейін апат ауыздықталып, оннан бір минут кеткен толық өшірілді. Оттың неден тұтанғаны анықталып жатыр.

www.24.kz 


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<