Құтқарушылар «Шағала» балалар лагеріне барды

670

0

  «Қауіпсіз демалыс» науқаны аясында «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының» Арал ауданына қарасты құтқару бөлімшесінің  құтқарушылары Қазалы ауданы ТЖБ және Ішкі саясат бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп Қазалы ауданында орналасқан «Шағала» балалар лагеріне барды. Кездесу барысында құтқарушылар балаларды судағы қауіпсіздік ережелерімен таныстырды. Тәрбиешілер мен лагерь тынығушылары құтқарушылармен еркін сөйлесіп, сұрақтарына жауап алды. Сондай-ақ суда төтенше жағдай орын алғанда қандай номерге телефон шалу керектігі туралы айтылды.

Құтқару бөлімшесінің басшысы Елдос Жиеналиев балаларға су айдынына ересектерсіз бару өмірлері үшін қауіпті екенін егжей-тегжейлі түсіндіріп берсе, жасақ құтқарушылары Абжалелов Аманбек және Бисенбин Батырхан балаларға сүңгуір жабдығы мен жабдықтарын көрсетті.

Іс-шараның соңында жасақ  құтқарушылары барлық қатысушылар мен қонақтарға судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы үнпарақтарын таратты.

ҚР ІІМ ТЖК Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<