Құтқарушылар Сырдария жазғы лагерінде

308

0

Жылда жазғы айларда балалардың көбісі тынығу лагерлерінде  демалады. Бұл уақытта тынығушыларға  қауіпсіздік шаралары жөнінде білім беру үшін өте жақсы мүмкіндіктер бар. Осы себептен қызылордалық құтқарушылар жаз маусымында профилактикалық іс шараларына аса назар аударады.
2018 жылдың шілде айының 10-ы күні балалардың жазғы «Сырдария» тынығу – сауықтыру лагерінде ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің құтқарушылары орасан зор мереке өткізді.  Ерекше ықыласта іздестіру құтқару жұмыстарын қызметтік итімен жүргізген кинологиялық есеп өз жұмыстарын көрсетті.
Іс шара барысында сүңгуір құтқару бөлімінің бас құтқарушысы Ролан Абдикалыков балаларға суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері және қауіпті қағидаларын айтып өтті. Сонымен қатар, құтқарушылар бүлдіршіндерге арнап автотехникалар және авариялық құтқару жұмыстары барысында қолданылатын арнайы жабдықтардың көрмесін дайындады. Барлық демалушы балалар арнайы құтқару құрал жабдықтардың техникалық мінездемесімен және қолдану жұмыстарымен танысты.
Медициналық-психологиялық бөлімінің құтқарушы–медбикесі Жанат Сатыбалдиева суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін және зардап шегушіге алғашқы дәрігерлікке дейінгі көмек көрсету тәсілдерін түсіндіріп, соңында практикалық жүзінде суда зардап шегушіні құтқару  бойынша жаттығу сабағын өткізді.
Кинолог-құтқарушы Қанат Тұрғанбай айқын басшылығымен Шанель есімді іздестіру итінің әрекеттері  балалардың аса қызығушылығын туындатты.
Барлық балаларға судағы қауіпсіздік шаралар жөнінде ескерту үнпарақтарын  таратты.    
ҚР ІІМ ТЖК Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<