Татуласу орталығында азаматтарды қабылдады

279

0

Татуласу орталығында сот жүйесінің  ашықтығы мен жариялылығын, қолжетімділігін және де сотқа дейінгі татуласуды насихаттау мақсатында Қызылорда қаласының №2 сотының төрағасы А.Әбу және мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы М.Ибрашев азаматтарды қабылдады.
Қабылдауға келген Қызылорда қаласының тұрғыны Д. белгісіз азаматқа алданып, нотариус арқылы келісім шарт негізінде саяжайын сатып жібергенін, осы уақытқа дейін ақшасын қайтара алмай жүрген жағдайын айтып, заң жүзінде мәселені шеші үшін қабылдауға келіп отырғандығын айтты.
Одан кейін қабылдауға келген Қ. сыртынан белгісіз біреулер «Ауди» маркалы автокөлігін заңсыз тіркегенін, казіргі таңда салық басқармасы автокөлік төлем салығын төлеуді мәжбүрлетіп жатқандығын, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексерудің нәтижесі жөнінде хабарсыз екендігін айтып, мәселесін шешу жолдарын сұрады айтты.
Сот төрағалары қабылдауда болған азаматтар Д. мен Қ.-ға заң нормаларын және сотқа дейінгі татуласу рәсімдерін түсіндіріп, сұрақтарына жауап берді.
Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<