
25 қыркүйектегі таңғы сауданың бірінші келісімі 353,5 теңгемен өтті. Максималдық құны 354,4 теңге болды, ал минималдық құны – 352,5 теңге. Сауданың жалпы көлемі 17,7 миллион долларға жетті. Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 352-354 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астана уақытымен сағат 11.20-да Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 81,4 доллар болды.