Токио Олимпиадасы коронавирусқа байланысты жыл соңына шегерілуі мүмкін

239

0

Коронавирусқа байланысты өту-өтпеу мәселесі қарастырылып жатқан жазғы Олимпиада ойындары 2020 жылдың соңына шегерілуі мүмкін, – деп хабарлайды Reuters.

«Келісімшарт бойынша Олимпиада ойындары 2020 жылы өтуі керек. Демек Жазғы ойындарды шегерілу деп те түсінуге болады», – дейді Токиодағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының ісі бойынша министр Сэйко Хасимото.

Бүгінде Жапонияда коронавирус жұқтырғандар саны 900-ге жетті. Мұның алдында Токиодағы Олимпиада ойындары көрерменсіз өтуі мүмкін екені айтылған. Балама ретінде Ойындарды телевизиялық режимде трансляциялау қарастырылған.  

Жоспарланған уақыт бойынша Олимпиада ойындары 24 шілде мен 9 тамыз аралығында өтуі керек. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<