Трамп ДДҰ-ға ультиматум қойды

661

0

АҚШ президенті Дональд Трамп Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына хат жазды. Ол ДДҰ басшылығынан 30 күн ішінде коронавирус бойынша жағдайдыжақсартуды талап етті. Олай болмаған жағдайда Вашингтон ДДҰ-ны қаржыландырудан бас тартып, ұйымнан шығатынын жеткізді, – деп хабарлайды CNN. Бұл жөнінде Тengrinews.kz жазды.


«Сіздер мен сіздердің ұйымдарыңыздың пандемияға қатысты жіберген қателіктері бүкіл әлемге көп шығын келтірді. Енді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тәуелсіз екенін көрсетуі керек. Мен салық төлеушілері ұйымды әрі қарай қаржыландыра беруге рұқсат бермеймін. Себебі бұл қазір Американың мүддесіне емес», – делінген Трамптың ДДҰ бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесусуға жазған хатында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<