Жуырда филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, журналист Тоқболат Еңсегенұлының төрт кітабы жарыққа шықты.
«Авеста– тәңірлік дін негізі, қазақ әдебиеті мен философиясының архетиптері» дегенмонографиясында автор тәңірлік дәуір әдебиетінің тереңіне бойлап, түркілердінінің негізі поэзия тіліндегі «Авеста» шығармасынан бастау алатынын ғылымитұрғыда тұжырымдайды. Осылайша әдебиетіміздің түп-төркінін он ғасырға ұзартады.
Көптомдықшығармалар жинағының оныншысы «Авеста» шығармасындағы заңдар жинағы және қазақәдет-ғұрып қағидалары» деген тақырыпқа арналған. Жазушы, ғалым осы еңбегіарқылы көне иран тілінде жазылған қасиетті кітаптың аталған бөлімін тұтастайтексеріп, 22-тарауын түгел қазақшаға аударып, қазақтың дәстүр, ырым,әдет-ғұрыптарымен, дала заңдарымен салыстырып қарастырады.
«Мәңгіліксағыныш» деген кітабында он бес шақты көркем шығарма қамтылған болса,«Бақытжанның танылмаған келбеті» атты кітапшасында автор ғалым БақытжанСайлыбаевтың докторлық диссертациясына талдау жасаған.
Н.ҚУАНДЫҚ.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<