Тұрғындармен кездесу өтті

281

0

Тұрғындармен кездесу өтті «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» Қауымдастығы облыстық ішкі саясат басқармасының «Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға байланысты ақпараттық насихаттық шаралар ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында Қызылжарма ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізді.
 Кездесуді өткізудегі мақсат-қоғамда ұсақ құқық бұзушылықтарға, бұзақылыққа «мүлдем төзбеушілік» атмосферасын қалыптастыру, қоғамдық тәртіпсіздікті болдырмау, құқық бұзушылықтардың алдын алуға азаматтардың өздерін белсенді қатысуға тарту, жауапкершіліктерін арттыру, қоғамда құқық бұзушылықтарға қарсы мақсатты және тиімді іс-әрекет ету.  
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Н. Жакудаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өңірдегі жай-күйі, атқарылып жатқан шаралар туралы деректемелер келтіріп, заңнамаларға түсіндірмелер берді.
Жергілікті полиция қызметі өкілі қазіргі таңда қоғамда орын алып отырған ұсақ құқық бұзушылықтарға тағайындалған Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңынан үзінділер келтіріп, орын алған құқық бұзушылықтар бойынша статистикалық мәліметтер келтіріп өтті.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің аумақтық филиалының консультанты Г. Молдабекова «Орда» бағдарламасы, баспана алу бойынша өзге де мемлекеттік бағдарламалар жөнінен ақпараттар берсе, «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» Қауымдастығының төрайымы К.Еримбетова жобаның мақсат-міндеттерімен таныстырды, сонымен қатар «Азаматтық бақылау» жобасы аясында ағымдағы жыл ішінде тұрақты түрде өткізілетін қоғамдық қабылдаулар жұмыстарына тоқталып өтті.
 Кездесуге қатысқан Қызылжарма ауылдық округінің тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтарға мамандар жауап беріп, пікір алмасты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<