Төтеннен келген жағдайға төтеп берген азаматтар марапатталды

261

0

Қараша айының ортасында Қызылорда қаласындағы Сырдария, Арай мөлтек ауданы тұрғындары бірер күнге ауыз судан ажыратылған еді. Себебі Ә.Мүсірәлі көшесі бойындағы су құбыры әр жерден тесіліп біраз әуреге салды.
Сол сәтте қалалық коммуналдық қызметі, төтенше жағдайлар қызметі және мердігер мекеменің мамандары су желісін қайта іске қосу мақсатында күні-түні жұмыс істеді. Дәл сол күндері қарашаның қара суығы ызғарлы желмен күшейіп жұмыс жүргізуге жайлы болмаған. Сала мамандары сол суыққа қарамастан батпаққа түсіп су кешіп жедел қалыпқа келтіру мақсатында бар күштерін жұмсады.
Кеше қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев осы азаматтарға көрсеткен ерен еңбектері үшін рахметін айтып, алғыс хатпен марапаттады. Мұндай жағдайлар барлық қалада кез-келген уақытта бола береді. Бастысы, дер кезінде соны жөндеп реттеуге жұмыла кететін ұжымдық жұмыстың болғаны маңызды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<