Тәуелсіздік – азаттығым, таң нұрым

367

0

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздік – азаттығым, таң нұрым» атты салтанатты жиын Жалағаш ауданында өтті. Салтанатты жиында қазақ халқының басынан өткен небір қиын-қыстау замандарынан көрініс көрсетілді.
Жиынды аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев ашып, аудан халқын еліміздің ұлық мерекесі Тәуелсіздіктің 27 жылдығымен құттықтады.
– Бүгін бүкіл Қазақстан жұрты тәу етіп, құрмет тұтар ең асыл мереке – Тәуелсіздік күні қарсаңында бас қосып отырмыз. Бұл – барша қазақстандықтар үшін де, әлемнің түкпір-түкпірінде тұратын қандастарымыз үшін де айрықша күн, ерекше мереке. Бұл – азаттықты аңсаған бабаларымыздың асқақ рухы алдында, азаттық үшін жан алысып, жан беріскен аманаты алдында тағы бір тағзым ететін тарихи күн, – деді аудан басшысы өз сөзінде.  
Салтанатты жиында аудан басшысы өңірдің өсіп-өркендеуіне өзіндік үлес қосқан түрлі сала өкілдерінің қызметкерлеріне облыс әкімінің, облыстық «Нұр Отан» партиясы филиалының, аудан әкімінің алғыс хаттарын, аудан әкімінің Құттықтауын, Жалағаш ауданының «Құрметті азаматы» атағын табыстады.
Жиын соңы аудандық Қ.Қазантаев атындағы Мәдениет үйі көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<