«Тұлға бол» жылжымалы жастар жәрмеңкесі – Сүттіқұдық ауылында

367

0

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен жастарды қолдауға бағытталған «Тұлға бол» жобасы әр өңірде іске асырылуда. Аталған шара Жаңақорған ауданының орталығында өткізіліп, ендігі кезекте ауыл аймақтарда жүзеге асырылуда.

Сүттіқұдық ауылдық округінде өткізілген жәрмеңкеге кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі, қаржы және экономика бөлімі, аудандық мансап орталығы, аудандық аурухана, жастар денсаулық орталығының мамандары қатысты. Шара барысында жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңестер ұсынылып, түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. Бүгінгі күні жастар арасында табыс көзіне арналған мобилография бойынша мастер-класс өткізілді.

Сонымен қатар мәдениет және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен арқан тартыс, қол күрес, гир тасын көтеру, асық спорттық сайыстары өтті. Шара соңында аудан әкімінің орынбасары Б.Нуридинов жастарды марапаттап, еркін форматта кездесу өткізді. Кездесуде жастар өз ұсыныс-пікірлерін жеткізіп, өз сұрақтарына жауап алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<