Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілді

471

0

Сурет ашық дереккөзден

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2023 жылдың 1 шілдеден бастап тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтетін заңнамалық өзгерістер күшіне енді. Атап айтқанда:

– 1шілдеден бастап полиция тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеуді өтініш беру сипатынан анықтау сипатына ауыстырылды. Жаңа түзетулер жәбірленушілердің өтініш беруінсіз әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға мүмкіндік береді.

Енді тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау дерегі бойынша хаттама толтыруға куәлардың айғақтары, бейне бақылау камералар мен бейне тіркегіш жазбалары жеткілікті болады. Соңғы шешімді сот қабылдайды.

– Тараптарды қайта татуластыру мүмкіндігі алынып тасталды. Себебі қазір тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы материалдың жартысы татуласуға байланысты сотта тоқтатылады. Бұндай жағдайлар көбіне агрессордың қысымымен орын алады. Енді 1 шілдеден бастап сотта бір рет қана татуласу мүмкін болады.

Бұл психологиялық қысымнан туындайтын зардап шеккендерге қатысты қатал әрекеттерді тоқатуға мүмкіндік берді.

– Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. Әкімшілік қамауға алынудың нақты мерзімі анықталды және ұлғайды.

19 мамырдан бастап Қылмыстық кодекстің денсаулыққа ауыр және ауырлығы орташа зиян келтіру (ҚК 106-быбы, ҚК 107-бабы) баптарына «Кінәліге материалдық немесе өзге де тәуіелділікті адамға қатысты іс-әрекет жасау» белгісі енгізілді. Бұл қылмыскерді оқшалау үшін қамауға алу санкциясын қолдануға, сондай-ақ жауапкершілікті күшейтуге мүмкіндік береді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<