Тұңғыш Президент күніне орай кітап көрмесі ашылды

635

0

   Бүгін Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының аванзалында «Ел тірегі – Елбасы» тақырыбында Тұңғыш Президент күніне арналған кітап көрмесінің ашылу салтанаты ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты – Президенттің тәуелсіз мемлекетті қалыптастыру және дамытудағы еңбек жолы, тарихи кезеңдер туралы маңызды жаңа әдебиеттермен  таныстыру.

Көрмеде көне заманнан бүгінге дейінгі ел шежіресінен сыр шертетін әдебиеттер орын алған. Халқымыздың салт-дәстүрі, рухани байлықтарымыз, ұлттық болмысымыз бен  тарихымыз жайлы жаңа кітаптар ұсынылды.

Мерекелік шара облыстық кітапхананың директоры Н.Мырзамұратованың құттықтау сөзімен ашылды. Шарада  Елбасы туралы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің  ғылыми қызметкері Ахметбек Бақытжан, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшісі, майор Абдуллаев Ерлан ой толғамдарымен бөлісті.

Шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің  оқытушылары, БАҚ өкілдері, «Болашақ» медициналық колледжінің студенттері, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметкерлері  қатысты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<