Ғылыми-сарапшылық топ отырысы өтті

328

0

Достық үйінің мәжіліс залында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын ілгерілету бойынша біріңғай күн аясында дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

Шараға облыстық Қазақстан халық ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сарапшылық топ мүшелері, жас ғалымдар, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің магистранттары және облыстық «Нұр Отан» партиясы филиалының өкілдері қатысып, қазақ тіліне аударылған кітаптар туралы ойларымен бөлісті.

Дөңгелек үстел отырысын «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сарапшылық топ хатшысы С. Сахиев жүргізіп, «Қоғамды зерттеудегі құнды еңбектер» тақырыбында баяндама оқыды. Өз баяндамасында ол әлеуметтану саласындағы Д. Бринкерхоф пен Дж. Ритцердің «Әлеуметтану негіздері» және Дж. Степницкий және Дж. Ритцердің «Әлеуметтану теориясы» кітаптарына тоқталып өтті.

Одан бөлек шарада К. Швабтың «Төртінші өнеркәсіптік революция» атты еңбегі туралы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты Н. Құлмырзаев, Э. Кеннидің «Батыс философиясының жаңа тарихы», Р. Хесстің «Философияның таңдаулы 25 кітабы» атты еңбектері туралы университеттің «Филология, тарих және құқық» факультеті деканының орынбасары, PhD Д. Омаров, В. Фромкин, Р. Родман және Н. Хайамстың «Тіл біліміне кіріспе» атты кітабы бойынша «Қазақстан халық Ассамблеясы» кафедрасының оқытушысы тарих магистрі Н. Нұрпейісова баяндама жасады.

Шара соңында қатысуышлар өз ой-пікірлерін білдіріп, қазақ тіліне аударылған кітаптарды жастардың арасында насихаттау бойынша ұсыныстарын ортаға салды.

Облыстық ҚХА жанындағы Ғылыми-сарапшылық топ мүшелері жоба аясындағы кітаптардың әлеуетін өңірдегі этносаралық тұрақтылықты нығайтуда қолдану жолдарын талқылап, алдағы уақытта атқарылуы қажет іс-шаралар жоспарына толықтырулар енгізді.

Облыстық Қазақстан халқы 

ассамблеясының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<