Ырымға сенесіз бе?

626

0

Қазақ бүгінде ежелгі қазақи ырым-жоралардан алшақтап қалды ма? Бағзыдан қалған осынау құндылықтары әлі күнге сақталып келе ме?

Жалпы, қазақ өзін ежел­ден ырымшыл ха­лық санайды. Өйткені, ы­рым-жоралар халықпен ға­сырлар бойы бірге жасасып келеді. Ол салт-сана мен әдет-ғұрпымызда, тұрмыс-тіршілігімізде кеңінен кө­рініс тапқан.

Ырымдардың барлығы бірдей жақсылыққа ке­нел­тетін болжамдармен ғана емес, адамға төнетін қауіп-қатер туралы да жорамал жасауға мүмкіндік береді. «Ырымға сену керек пе, әлде сенбеу керек пе?» деген мәселенің құпиясы әлі күнге дейін ашылған емес.

Өзім жас кезімнен ата-әжемнен көптеген ырым-тыйымдар туралы естіп өстім. Мысалы, «Ағарғанды төкпе», «Босағаны керме», «Үлкеннің алдынан кесіп өтпе», «Түске дейін ұйық­тама», «Жыртақтап күліп, сыпсыңдап сөйлеме» және т.б. Осы ырым-жораларды қалтқысыз орындасақ, құн­дылықтарымыздың сақ­та­лары анық.

Аружан БЕКТУҒАН, 

М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық 

колледжінің студенті. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<