Құқықтық кеңес берді

230

0

Облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» қауымдастығының ұйымдастыруымен халық көп шоғырланатын орындардың бірі «Отырар» сауда үйінің ғимаратында тегін құқықтық кеңес беру өтті.
Кеңес берудің негiзгi мақсаты – қала тұрғындарының сұрақтарына құқықтық тұрғыдан кеңес беру. Сондай-ақ, осы іс-шара жемiстi және нәтижелi өткiзiлуі үшін жергілікті полиция қызметінің полиция аға лейтенанты Қуаныш Уразов, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ҚФ консультанты Альфия Длекешова мен «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» қауымдастығының өкілдері қатысты.
Азаматтардың құқықтық мәдени деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылған іс шараға жергілікті тұрғындар қатысты. Кеңес беру барысында негізінен қоғамдық орындарды ластау, әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін заң аясында көзделген жазалар, айыппұлдар салу тәртібі, алимент төлеуден жалтару, тұрғын үй алу, жер алып беремін дегендерге алданып қалу, бұдан бөлек мемлекеттік бағдарламалар арқылы тұрғын үй алу тәртібі, талаптары түсіндірілді, басқа да құқық­тық мәселелер бойынша сұрақтар қойылды.
Қоғамдық қабылдауға келген азамат­тардың барлығы заң нормаларына сәйкес түсініктеме алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<