Юлия Галышева қаңтар айының үздік спортшысы атанды

189

0

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтында жаңа жылдың алғашқы айындағы үздік спортшы анықталды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Olympic.kz оқырмандары Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышеваны үздік деп таныды. Үміткерлер тізімінде жалпы есебі бес спортшы болған. Олар: Юлия Галышева (фристайл-могул), Анастасия Городко (фристайл-могул), Ерлан Серікжанов (дзюдо), Демеу Жадыраев (грек-рим күресі), Қайсар Алпысбай (каратэ). Дауыс беру 8 ақпан күні 13:00-де аяқталып, 51,33 пайыз дауыс жинаған Юлия Галышева жеңімпаз деп танылды. Екінші орында Анастасия Городко, үшінші орында Ерлан Серікжанов орналасқан. Olympic.kz Юлия Галышева мен өзге де спортшыларды ірі жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда топ жаруға тілектестік білдіреді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<