Қызылорда: түзеу мекемесінен тағы есірткі табылды

213

0

Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінің аумағында  тұрған автокөлік мекеме қызметкерлерінің күдігін туғызды.

Қалалық полиция басқармасының есірткіге қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері мен жедел тобын шақырта отырып, көлікті тінту барысында артқы орындығынан 20 грамдық 4 дана шприцке нығыздалып салынған жасыл түсті шөп тектес зат табылды. Сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттың кептірілген марихуана екені анықталды.

Факт бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп- тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<