Қызылордада 87 жастағы қария өз-өзіне қол жұмсады

249

0

Қызылордада 87 жастағы қария өзіне қол жұмсап, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл келеңсіз оқиғаны облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. «20 ақпан күні облыс орталығының тұрғыны өз-өзіне қол жұмсаған. Тексеру барысында зорлық белгілерінің болмағандығы анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп мәлім етті ведомстводан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<