
Анықталғаны – көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды тегін тамақпен қамтамасыз ету құқығы Үкімет қаулысымен кепілдендірілгеніне қарамастан, Қызылорданың 54 мектебінде балаларға ыстық тамақ берілмей келген. Прокуратура ұсынысының нәтижесінде анықталған кемшіліктер жойылып, Қызылорда қалалық әкімдігі білім бөлімінің 2 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.