Қызылордада қоғамдық көліктердің жүру уақыты шектелді

295

0

 Құрметті қала тұрғындары! 

Қызылорда қаласындағы эпидемиялогиялық ахуалдың күрделенуіне байланысты 

КАРАНТИНДІК РЕЖИМДЕГІ ҚОСЫМША ШЕКТЕУДІ ХАБАРЛАЙМЫЗ.

Карантин кезінде:

1. Қоғамдық көліктердің жұмысы күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен және жүргізушілер мен кассирлердің сақтық шараларын қатаң сақталуымен ТӨМЕНДЕГІШЕ ШЕКТЕЛЕДІ:

  • сағат 07:00-ден 09:00-ге дейін 

  • сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін 

  • сағат 18:00-ден 20:00-ге дейін 

2. Қаладағы және қалаға қарасты елді мекендердегі меншік нысанына қарамастан (кәсіпкерлік нысандарының, мемлекеттік маңызы бар нысандарының және жеке тұрғын үйлердің) барлық құрылыс нысандарының жұмысы (12 сәуірден – 22 сәуір аралығы)                     УАҚЫТША 10 КҮНГЕ ТОҚТАТЫЛАДЫ. 

3. Коронавирустық індетпен күресуге қатыстырылған мекемелерді қоспағанда меншік нысанына қарамастан барлық мекемелер қызметкерлері 80% ҚАШЫҚТЫҚТАН ЖҰМЫС ЖАСАУҒА КӨШІРІЛЕДІ.

Қызылорда қаласының жедел штабы

26 30 00

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<