Қызылордада «Жолда қабылдау» акциясы өтіп жатыр

347

0

Қызылордада «Жолда қабылдау» акциясы  өтіп жатырҚызылорда өңірінде республикалық  «Жолда қабылдау» акциясы өтуде.  
Полиция департаментінің, жергілікті полиция қызметі басқармасы, әкімшілік полиция басқармасының басшылығы, сондай-ақ Қызылорда қалалық полиция басқармасы мен аудандық полиция бөлімдерінің басшылары белгіленген орындарда азаматтарды қабылдап жатыр.
Мобильдік қабылдау кезінде тұрғындарға Армения, Қырғызстан, Беларусь, Ресейден әкелінген көліктердің біздің елде рәсімделу тәртібі, сондай-ақ электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтердің қолжетімдігі туралы құқықтық кеңестер беріліп жатыр.

Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі