Қызылордалық полицейлер оқушылармен кездесті

216

0

«Мен және менің полицейім!» республикалық акциясы шеңберінде Қызылорда қалалық полиция басқармасының ЖПҚ ювеналдық бөлімшесінің қызметкерлері Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының өкілдерімен бірге «Балалар – әлемнің елшілері!» атты қала оқушыларымен кездесу өткізді. 
Кездесуге «Атамекен» отбасылық типтегі балалар ауылының тәрбиеленушілері де қатысты. Кездесудің мақсаты – жастар арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау, жас ұрпақтың толеранттылығын нығайту, рухани жетілдіру және оқу-көркем әдебиетпен таныстыру. Полиция қызметкерлері нашақорлықтың алдын алу, алкоголизм мен темекі шегудің қауіптілігі туралы, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар туралы алдын-ала пікірталас өткізді. Ең кішкентай балалар үшін театрлық қойылым көрсетілді. Кездесу оқушылардың өздері ұйымдастырған концерттік бағдарламамен аяқталды.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының сыртқы және ішкі коммуникациялар тобы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<