Қызылордалық суретші-мультипликатордың туындысы телеарнадан көрсетілуде

360

0

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің тапсырысымен дайындалған «Отпен ойнама, балақай!» мультфильмі облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен  жергілікті  «Qyzylorda» телеарнасынан 2 апта бойы көпшілікке көрсетілуде. Бұған дейін мультфильм әлеуметтік желілер мен сайттарда таратылған еді.

Оқиға желісі бойынша балалардың сіріңкемен ойнауының нәтижесінде өрт шығады. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер өрттің таралуын тоқтатады. Балаларға қауіпсіздік қағидалары жөнінде айтылады. Мультфильмнің суретші-мультипликаторы – «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Сымбат Әбдірахманова. Ал идеясы мен сценарийінің авторы – департаменттің бас маманы Айгүл Нұрманова. Персонаждарды Жанар Тұрсынбайқызы, Сұлтанбек Бейсенәлиев, Ринат Үсенов дыбыстаса, монтажын Өтеміс Рахат жасады. Бұл  туындының жарыққа шығуына Қызылорда қаласының тұрғыны Болатбек Жүсіпов демеушілік етті. 

Қызылорда облысы ТЖД

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<