Заңды өрескел бұзған Төреғали Төреәліге сот шешімі шықты

358

0

фото: ашық дереккөзден

Әнші Төреғали Төреәлі есірткіге мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Halyq Uni

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өзге көлік құралдарына зақым келтіруге әкеліп соққан есірткіге мас күйінде көлік құралын басқару фактісі (ҚР ӘҚБтК 608-бабы 3-бөлігі) бойынша азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Сот 2023 жылдың 14 маусымында көлік рөліндегі азамат А. мас күйінде патрульдік көлікті қаққанын анықтады. Апат салдарынан автокөліктерге механикалық зақым келді. 

Сот отырысында құқық бұзушы іс материалдарында баяндалған фактілерді растап, өкініш білдірді.

«ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін сот қаулысымен А. кінәлі деп танылды. Оған 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 20 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды», деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі. 

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<