Затобол кентінің атауы өзгеруі мүмкін

217

0

Қостанай өңіріндегі елді мекен қала мәртебесін алатын болды. Облыс орталығына іргелес орналасқан Затобол кенті Тобыл қаласы деп өзгеруі мүмкін. Бұл шешім республикалық ономастикалық комиссияның мақұлдауынан өтті. Елді мекенге қала мәртебесін беру және атауын өзгерту бойынша биыл жергілікті тұрғындармен бірнеше отырыстар ұйымдастырылған. Көпшілік ұсынысты бірауыздан қолдады. Бұдан бөлек Таран ауданына Бейімбет Майлиннің есімін беру туралы бастама бар. Тиісті құжаттар Үкімет қарауына жолданды.
 Жарасхан Наурызбаев, облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы:
 – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика және басқа министрліктермен қаланың мәртебесін өзгерту бойынша іс-әрекеттер жасалады. Тиесілі келісімдер алынып, Үкімет арқылы Қазақстан президентіне өткізуі тиіс. Бұл мәселеге Елбасының жарлығы ғана нақты нүкте қоя алады.

24Хабар

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<