Жалағаштағы «Ашық есік күні»

319

0

Жалағаштағы «Ашық есік күні» Азаматтарға құқықтық кеңес беру. Осы мақсатта «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» Қауымдастығы облыстық ішкі саясат басқармасының «Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға байланысты ақпараттық насихаттық шаралар ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында Жалағаш ауданының тұрғындарына «Ашық есік күнін» өткізді.

Аталмыш іс-шара халық көп шоңырланатын орындардың бірі аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында өтті. Оған Қауымдастық төрайымы мен заңгері, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің консультанты, Жергілікті полиция қызметі өкілі мен аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы мамандары қатысты.

Ашық есік күніне 10 азамат түрлі сұрақтармен – алимент өндіру мәселесі, сот шешімімен келіспеу, тұрғын үйін тіркету, жұмысқа орналасу, тұрғын үймен қамту, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселесі бойынша көмекке жүгінді. Оларға заңнама аясында құқықтық кеңестер берілді. Кейбір мемлекеттік орган қызметтеріне риза болған азаматтар, алғыстарын да жеткізіп жатты.

Осындай «Ашық есік күндері» алдағы уақытта облыстың өзге аймақтарында жалғасатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<